Loading posts...
  • Республика күні – елдік пен бірліктің мерекесі

    25 қазан – Қазақстан Республикасының тарихындағы айрықша маңызға ие күн. Бұл күні еліміздің мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күні аталып өтеді. Аталған мереке – егемендік пен тәуелсіздікке бастау болған тарихи күн. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл құжат Қазақстанның өз тағдырын өзі шешетін дербес мемлекет болуына…

  • «Студенттер қатарына қабылдау – жаңа өмірге қадам»

    2025 жылдың қазан айында Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжінде дәстүрлі «Студенттер қатарына қабылдау» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Бұл — колледж өміріндегі ең әсерлі және есте қаларлық шаралардың бірі. Ол бірінші курс студенттерінің жаңа оқу ордасындағы алғашқы маңызды қадамы мен үлкен өмірге жолдама алған сәтін бейнелейді. Іс-шараның басты мақсаты – студенттік рухты…

  • «100 кітап сыйла» республикалық акциясы аясындағы рухани кездесу

    2025 жылдың 12 қазанында Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжінде «100 кітап сыйла» республикалық акциясы аясында студенттер мен оқытушылардың қатысуымен арнайы кездесу сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ рухани дамуға, ой-өрісті кеңейтуге және шығармашылық қабілеттерді жетілдіруге ықпал ету болды. Кездесу барысында студенттер мен ұстаздар…

  • «Ұстазым – ұлағаттым, үлгі-өнегем» мерекелік кеші

    2025 жылдың 3 қазан күні Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжінде Ұстаздар күніне арналған «Ұстазым – ұлағаттым, үлгі-өнегем» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Бұл күн – жыл сайын ұстаз еңбегін ұлықтап, олардың қоғамдағы ерекше орнын айқындайтын ең қастерлі мерекелердің бірі. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұстаздардың білім мен тәрбие беру жолындағы өлшеусіз еңбектерін дәріптеу,…

  • “Адам ағзасына қауіпті микробтар мен ішек паразиттерінің алдын алу” тақырыбында тәрбие сағаты

    2025 жылдың 2 қазан күні Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжінде студенттерге арналған “Адам ағзасына қауіпті микробтар мен ішек паразиттерінің алдын алу” тақырыбында медбикенің қатысуымен тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың санитарлық-гигиеналық сауаттылығын арттыру, жеке тазалық ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ ішек паразиттері мен микробтардан қорғанудың тиімді жолдарын үйрету болды. Колледждің медбикесі студенттерге…

  • Әскер қатарына шақырылған жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі

    Абай облысы, Семей қаласында өткен әскер қатарына шақырылған жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсіміне Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжінің студенттері белсене қатысты. Бұл іс-шара — елін сүйетін, патриоттық рухтағы жастардың Отан алдындағы борышына деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттыруға бағытталған маңызды оқиға болды. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттер арасында Отанға деген сүйіспеншілікті, ел алдындағы…

  • Студенттердің Семей қалалық мемлекеттік архивіне танымдық экскурсиясы

    Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжінің студенттері Абай облысы, Семей қалалық мемлекеттік архивіне танымдық мақсатта экскурсия жасап қайтты. Бұл шараның негізгі мақсаты – студенттердің ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, архив құжаттарының тарихи маңызын түсіндіру, деректермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру және құжаттарды сақтау ісімен таныстыру болды. Экскурсия барысында студенттер архивтің құрылымы, бөлімдері және қызмет бағыттарымен жан-жақты…

  • «Алғыс лентасы» челленджі аясындағы игі бастама

    2025 жылдың қыркүйек айынан бастап еліміз бойынша «Елдік Челлендж» аясында барлық алғыс жазбаларын біріктіретін «Алғыс лентасы» жобасы бастау алды. Бұл жоба техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) жүйесінің қызметкерлеріне – әкімшілік өкілдеріне, педагогтерге, өндірістік оқыту шеберлеріне, техникалық персоналға және білім беру саласында еңбек етіп жүрген өзге де мамандарға деген алғыс пен құрметті білдіруге арналған. Аталған…

  • «Күзгі бал – 2025»: өнер мен жастықтың жарасымы

    Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжінде студенттер көптен күткен көңілді әрі сәнді «Күзгі бал – 2025» атты мәдени іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл мерекелік кеш жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өнерге, сұлулыққа және ізгілікке баулуға бағытталады. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің эстетикалық талғамын дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру және…

  • «Этнохалық фестиваліне» қатысу – мәдени бірлік пен рухани жаңғырудың көрінісі

    Абай облысы, Семей қаласында өткен «Этнохалық фестиваліне» Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжінің белсенді студенттері қатысып, үлкен рухани-мәдени шараның бір бөлшегіне айналды. Бұл фестиваль — ұлттар арасындағы достық пен келісімді нығайтуға, ұлттық мәдениетті дәріптеуге және жастарды рухани құндылықтарға баулуға бағытталған маңызды оқиға болды. Фестивальдің негізгі мақсаты — қазақ халқының және елімізде тұратын өзге этностардың мәдениетін,…