«Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжі» мекемесі әлеуетінің маңызды құрамдас бөлігі оның кадрлық құрамы болып табылады.
Колледжде педагогикалық процесті 48 оқытушы жүзеге асырады, оның ішінде 44 адам штаттық; 4 қоса атқарушылар болып табылады. Штаттық оқытушылардың үлесі 91 % құрайды. Оқытушылар қатарында 22 магистр, 13 жоғары санатты оқытушы, 4 бірінші санатты оқытушы бар, бұл оқытушылардың сапалық құрамының 56% құрайды. Қазіргі уақытта екі оқытушы магистратурада оқиды.
