Президент Жолдауы – жастар көзқарасымен

2025 жылдың 8 қыркүйегінде Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған кең көлемді іс-шара өтті. Жиынға колледждің оқытушылар құрамы, студенттер, сондай-ақ оқу орнының әкімшілігі мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Президент Жолдауында көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру жүйесін жетілдіру, цифрландыру, әділетті экономика мен әлеуметтік әділдік орнату бағыттарындағы бастамаларға ерекше назар аударды. Әсіресе жастар саясатына, білім мен ғылымды дамытуға, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктерге қатысты тұстар қызу талқыланды.

Оқытушылар мен студенттер ел Президентінің қойған мақсаттары мен міндеттерін қолдай отырып, олардың жүзеге асуына әр азаматтың үлесі зор екенін атап өтті. Талқылау барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, еліміздің өркендеуі мен болашағына қатысты көзқарастарымен бөлісті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың мемлекеттік саясатқа деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, саяси сауаттылығын дамыту және елдің даму үдерістеріне белсене қатысуға ынталандыру болды.

Кездесу соңында колледж директоры мен қатысушылар Президент Жолдауы — ел дамуының айқын бағыты екенін, онда белгіленген міндеттерді орындау барша жас қазақстандықтың ортақ борышы екенін ерекше атап өтті.

Қатысушылар Жолдауда айтылған бастамаларды өз салаларында жүзеге асыруға, қоғам өміріне белсене араласуға және ел игілігі жолында еңбек етуге дайын екендіктерін білдірді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ВГЮиТК (ЖГЗ және ТК) (@vguitk)