«100 кітап сыйла» республикалық акциясы аясындағы рухани кездесу
2025 жылдың 12 қазанында Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжінде «100 кітап сыйла» республикалық акциясы аясында студенттер мен оқытушылардың қатысуымен арнайы кездесу сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ рухани дамуға, ой-өрісті кеңейтуге және шығармашылық қабілеттерді жетілдіруге ықпал ету болды.
Кездесу барысында студенттер мен ұстаздар өздерінің сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, шығармалардан үзінділер оқып, кітаптардың адам өміріндегі маңызы жөнінде әсерлі ойларымен бөлісті. Көптеген қатысушылар өз өміріне ерекше әсер қалдырған кітаптар жайында айтып, жастарға оқуға ұсынар туындылардың тізімін ұсынды.
Акция барысында колледждің кітапхана қорына жаңа кітаптар тарту етілді. Әр студент пен ұстаз өз атынан рухани қазынаның еселенуіне үлес қосты. Сонымен қатар, қатысушылар арасында «Кітап – рухани байлық кілті» атты шағын көрме ұйымдастырылып, отандық және шетелдік классиктердің еңбектері таныстырылды.
Іс-шара аясында:
-
Студенттер арасында кітап көрмесі мен кітап шолуы өтті;
-
Кітап оқу мәдениеті мен оның адам дамуына әсері туралы пікір алмасу ұйымдастырылды;
-
Қатысушылар бір-біріне кітап сыйлап, оқуға ынталандыру акциясын жалғастырды.
Кеш соңында студенттер мен ұстаздар «Кітап – ең жақсы дос және шексіз білім көзі» деген ортақ ойға тоқталып, акцияның маңыздылығын атап өтті. Бұл кездесу жастарды кітап арқылы рухани байытуға, білімге ұмтылуға және оқырмандық мәдениетті жаңғыртуға бағытталған тағылымды шара болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
