“Адам ағзасына қауіпті микробтар мен ішек паразиттерінің алдын алу” тақырыбында тәрбие сағаты

2025 жылдың 2 қазан күні Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжінде студенттерге арналған “Адам ағзасына қауіпті микробтар мен ішек паразиттерінің алдын алу” тақырыбында медбикенің қатысуымен тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың санитарлық-гигиеналық сауаттылығын арттыру, жеке тазалық ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ ішек паразиттері мен микробтардан қорғанудың тиімді жолдарын үйрету болды.

Колледждің медбикесі студенттерге адам денсаулығына зиян келтіретін микробтар мен паразиттердің түрлері, олардың таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы кең көлемде түсіндірме берді. Атап айтқанда, ол келесі тақырыптарды қамтыды:

  • Микробтар мен ішек паразиттерінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері;

  • Жеке бас гигиенасын сақтау және тазалықтың маңызы;

  • Қол жуу мәдениетін күнделікті әдетке айналдырудың қажеттілігі;

  • Шала пісірілген ет өнімдері мен жуылмаған көкөніс-жемістер арқылы таралатын гельминт аурулары;

  • Алдын алу шаралары және дәрігерге дер кезінде қаралудың маңыздылығы.

Тәрбие сағаты барысында студенттерге тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, интерактивті форматта сұрақ-жауап өткізілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты және пайдалы жауаптар алды.

Медбике өз сөзінде гигиеналық нормаларды сақтамаудың қауіпті салдарын атап өтіп, салауатты өмір салтының ең басты негізі — тазалық пен жауапкершілік екенін ерекше атап өтті.

Іс-шара жоғары деңгейде, жылы әрі танымдық атмосферада өтті. Ол студенттерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын ұғындырды және күнделікті өмірде қарапайым гигиеналық әдеттердің аурулардың алдын алудағы шешуші рөлін көрсетті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ВГЮиТК (ЖГЗ және ТК) (@vguitk)