Отбасы күніне арналған ашық тәрбие сағаты
2025 жылдың 16 қыркүйек күні Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжінде Отбасы күніне орай ерекше форматта ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға колледж студенттерімен қатар, ата-аналар да арнайы шақырылып, тәрбиелік және рухани мәні зор кездесу ұйымдастырылды.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту, жастардың отбасына, ата-анаға деген құрмет сезімін арттыру болды.
Сабақ барысында түрлі мазмұндағы қызықты шаралар өтті:
-
Студенттер өздерінің отбасы туралы ой-пікірлерін білдіріп, жүрекжарды өлеңдерін оқып, сахналық көріністер көрсетті;
-
Ата-аналар балаларының тобына қосылып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті, отбасындағы сыйластық пен бірліктің маңызын атап өтті;
-
«Менің отбасым — менің байлығым», «Бақытты отбасының сыры неде?» тақырыптарында пікірталас өткізіліп, студенттер мен ата-аналар өз көзқарастарын ортаға салды.
Кездесу жылы, шынайы және қуанышты атмосферада өтті. Ата-аналар колледждің оқу-тәрбие процесімен танысып, өз балаларының белсенділігіне, шығармашылық қабілеттеріне және жауапкершілік қасиеттеріне ризашылықтарын білдірді.
Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, естелік фотосуреттер жасалды. Мұндай кездесулер студенттер мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, отбасылық құндылықтардың маңызын жастардың жүрегіне жеткізеді.
Колледж әкімшілігі атап өткендей, отбасы – адам өміріндегі ең басты мектеп, ал ата-ана – баланың алғашқы ұстазы. Сондықтан мұндай тәрбиелік іс-шаралар болашақ ұрпақтың рухани дүниесін байытып, қоғамда мейірім мен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
