«Алғыс лентасы» челленджі аясындағы игі бастама

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап еліміз бойынша «Елдік Челлендж» аясында барлық алғыс жазбаларын біріктіретін «Алғыс лентасы» жобасы бастау алды. Бұл жоба техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) жүйесінің қызметкерлеріне – әкімшілік өкілдеріне, педагогтерге, өндірістік оқыту шеберлеріне, техникалық персоналға және білім беру саласында еңбек етіп жүрген өзге де мамандарға деген алғыс пен құрметті білдіруге арналған.

Аталған бастама аясында білім беру ұйымдарының студенттері мен ұстаздары еліміздің түкпір-түкпірінен өздерінің алғыс сөздері мен жылы тілектерін жариялап, ұстаздық еңбектің қадірін кеңінен насихаттауда.

Жоғары гуманитарлық, заң және техникалық колледжі де бұл челленджге белсене қатысуда. Колледждің студенттері мен оқытушылары, әкімшілік және техникалық қызметкерлері бірлесе отырып, өздерінің алғыстарын жүрекжарды сөздер арқылы жеткізіп, әлеуметтік желілерде #АлғысЛентасы, #ЕлдікЧеллендж хэштегтерімен жариялауда.

Әр жазбада колледж ұжымына, ұстаздарға, тәрбиешілерге, техникалық қызметкерлерге деген шынайы ризашылық пен қадір-құрмет сөздері көрініс табады. Студенттер ұстаздарының еңбегін ерекше атап өтіп, білім мен тәрбиенің қоғамдағы маңызы туралы ойларымен бөлісуде.

«Алғыс лентасы» челленджі – ел ішінде ізгілік пен мейірім идеясын кеңінен таратып, адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін маңызды әлеуметтік жоба. Колледж әкімшілігі бұл бастама жастардың рухани дамуына, ұстаз еңбегін бағалауға және қоғамда өзара құрмет мәдениетін нығайтуға үлкен үлес қосатынын атап өтті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ВГЮиТК (ЖГЗ және ТК) (@vguitk)